Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Анна Данилина: ktf.kz

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анна сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кездесуі керек болатын.

Алайда "Үлкен дулыға"турнирінің үш дүркін чемпиондары Крейчикова мен Синякова доданы жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Кливлендте 4-ракетка болып тіркелген Данилина мен Крунич бірден финалға жолдама алды.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде жапониялық Сюко Аояма/тайбэйлік Хао Чин Чань немесе америкалық Николь Мартинес /австралиялық Эллен Перес жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985218-qazaqstandyq-tennissi-anna-danilina-aqs-tagy-turnirdin-finalyna-syqty/

pixel