Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан Азия кубогінде алтын медаль иеленді

Опубликовано:

Рината Сұлтанова Азия кубогінде топ жарды
Рината Сұлтанова: olympic.kz

Қазақстандық Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан Азия кубогінде топ жарды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рината Сұлтанова топтық жарыс бойынша қарсыластардан озық шығып, алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек, Рината Азия кубогінде тағы бір қола жүлде жеңіп алған болатын.

Тректегі велоспорттан Азия кубогі Таиландта өтіп жатыр.

Айта кетелік, Түркияның Конья қаласында өткен Ислам ойындарында Рината Сұлтанова үш бірдей алтын иеленді. Ол "омниум", "скретч" және із кесу сынынан алтын жүлдегер атанды.

Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңдерінде жүлде алған алғашқы қазақстандық қыз болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985334-qazaqstandyq-rinata-sultanova-trektegi-velosporttan-aziya-kuboginde-altyn-medal-ielendi/

pixel