Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Елена Рыбакина әлемнің 113-ракеткасынан ұтылып қалды

Опубликовано:

Елена Рыбакинаның US Open турнирінде ұтылып қалды
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

Теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда-ақ ұтылып қалды. Бұл туралы турнирдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

WTA рейтингінде 25-орында тұрған Рыбакина әлемнің 113-ракеткасы, франциялық Клара Бюрельден ұтылып қалды.

Кездесу екі партияға созылып, отандасымыз 4:6, 4:6 есебімен қарсыласына жол берген. Матч жалпы есебі 1 сағат 31 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина жақында "Үлкен Дулыға" санатына енетін төрт турнирдің бірі - "Уимблдон" бәсекесінде жеңіске жеткен болатын.

Ал US Open турнирінде ол алғаш рет бірінші айналымда ұтылып отыр. Бұған дейін ол кем дегенде бір кезеңде жеңіске жетіп жүрген. Былтырғы US Open турнирінде Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен болатын.

Жекелей сында Қазақстан командасы сапынан Александр Бублик пен Юлия Путинцева екінші кезеңге жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985419-us-open-elena-rybakina-alemnin-113-raketkasynan-utylyp-qaldy/

pixel