Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аса ауыр салмаққа ауысқан Әлішер Ерғали күрестен әлем чемпионатына қатыспайды

Опубликовано:

Әлішер Ерғали әлем чемпионатына қатыспайды
Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Сербияда басталатын әлем чемпионатына еркін күрес шебері Әлішер Ерғали бармайды. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін бапкерлер әлем чемпионатына аттанатын спортшылар қатарына Әлішерді қосқан болатын. Алайда бас бапкер Мадияр Құрамысов тараздық балуанның әлемдік додаға бармайтынын айтты.

"Әлем чемпионатына баратын құрам жасақталды. Бүкіләлемдік күрес ұйымының сайтында 125 келіде екі балуанның есімі жүрген. Біз Әлішер Ерғалидің орнына Олег Болтинді апарамыз деп шештік. Себебі, Әлішер ауырып қалды. Сондықтан, аса ауыр салмақта ел намысын Олег Болтин қорғайды", – деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, Әлішер Ерғали бұған дейін 97 келіде бақ сынады. Токио Олимпиадасынан кейін спортшы аса ауыр салмаққа ауысқан.

Әлішер Ерғали 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында алғашқы бестікке енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1985584-asa-auyr-salmaqqa-auysqan-aliser-ergali-kuresten-alem-cempionatyna-qatyspaidy/

pixel