Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге барғысы келмеген ресейлік хоккейші бес жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Анвар Сүлейманов бес жылға сотталды
Анвар Сүлейманов. Фото: khl.ru

"Салават Юлаевтың" бұрынғы хоккейшісі Анвар Сүлейманов әскерге барудан жалтарғаны үшін бес жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Танымал хоккейші әскери міндетін өтеуден бас тартпақ болған. Сондай-ақ, сот оған алдағы төрт жылға сынақ мерзімін бекітті.

Қазіргі таңда спортшы мен оның адвокаты шағым түсірмекші,

Сүлеймановпен бірге, әскерге барудан қашып, пара бермек болған тағы екі хоккейші айыпталуда.

Іс барысында белгілі болғандай, Сүлейманов әскерге бармау үшін ортадағы делдалдар арқылы әскери бөлімге пара ұсынған. Ал делдал сәуір айында ірі көлемде пара жеткізгені үшін ұсталып, кейін бұл мәселенің артында танымал хоккейшінің тұрғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1986279-askerge-bargysy-kelmegen-reseilik-xokkeisi-bes-zylga-sottalyp-ketti/

pixel