Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемдік жұлдыздар қатысады": Алматыда жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын ірі турнир өтеді

Опубликовано:

Қазақстанда үстел теннисінен беделді турнир өтеді
Кирилл Герасименко: olympic.kz

Қазақстанда үстел теннисінен WTT Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға бірнеше әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегерлері келе жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Беделді WTT Contender Almaty турнирі 13-18 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 28 елінен 140 атлет қатыспақ.

Қазақстан жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайтын әлемдік деңгейдегі турнирді алғаш рет қабылдағалы отыр.

"Бұл турнир қазақстандық спортшыларға беделді халықаралық турнирге қатысуға мүмкіндік береді. Біз Халықаралық федерация көрсеткен сенімді жоғары бағалаймыз және жарысты жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ұлттық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Турнирге әлемдік үстел теннисінің атақты жұлдыздары, оның ішінде Олимпиада Ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және әлем кубогінің жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Қытайлық Тайпей), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-хён (Оңтүстік Корея) және тағы басқа спортшылар қатысады.

ITTF және WTT ережелеріне сәйкес, аталған турнирде Қазақстан атынан 11 ер адам және 11 әйел адам бақ сынайды.

Олардың ішінде құрама көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Кирилл Герасименко, сондай-ақ халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиев бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986481-alemdik-zuldyzdar-qatysady-almatyda-zulde-qory-75-myn-dollardy-quraityn-iri-turnir-otedi/

pixel