Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Күрес түрлерінен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан командасының мүшесі Жәмила Бақбергенова жартылай финалға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Жәмила ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы 10:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жәмила румыниялық спортшы, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Александра Ангелмен кездеседі.

Бұл жарыста бақ сынаған Жәмиланың сыңары Мадина Бақбергенова украиналық балуаннан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, бүгін кілемге шыққан Диана Қаюмова (59 келі) бірінші кездесуде ұтылса, Марина Седнева (55 келі) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келі) жұбаныш белдесуінде қарсыластарға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987772-zamila-baqbergenova-kuresten-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel