Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек қай арнадан көрсетіледі

Опубликовано:

Сауль Альварес
Фото: Kevork Djansezian/Getty Images

18 қыркүйек күні таңертең қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында үшінші жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бокс кеші тікелей эфирде көрсетіледі және Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 5 шамасына басталады. Ел тұрғындары оны Qazaqstan және Qazsport арналарынан тамашалай алады.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің шаршы алаңға шығатын уақыты елорда уақытымен 08.00-ден кейінгі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бұл күні тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов шаршы алаңға көтеріледі. Оның қарсыласы америкалық Габриэль Росадо. Қос боксшы ригнке 06.00-да шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1987949-golovkin-men-kanelo-arasyndagy-zekpe-zek-qai-arnadan-korsetiledi/