Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Шабанбай араға он жыл салып Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Дәулет Шабанбай
Дәулет Шабанбайға медаль табысталу сәті. Фото: ҰОК

Еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбай араға он жыл салып 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жүлде Шабанбайға Белградта өтіп жатқан күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында табысталған.

Шабанбайдың өзі ұзақ күткен бұл жүлдесіне қатысты пікір білдіріп, қуанышын жасырмады.

"Құрметті достар, халқым, менің Қазақстаным!

Аллаға шүкір, ұзақ күткен медалімді алдым. Халықаралық олимпиада комитетіне, Ненад Лалович мырзаға, Қазақстанның Ұлттық олимиада комитетінің басшылығына, Ұлттық федерацияға алғысымды білдіремін. Мені жеке марапаттағаны үшін өте қуаныштымын. Біздің спортшылар чемпион болсын! Дайын болыңдар, жігіттер!", - деді ол.

Айта кетелік, Дәулет Шабанбай 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында 5-орынға тұрақтаған болатын. Кейін оның қарсыластарынан допинг табылып, қола жүлде қазақстандық балуанға бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988299-daulet-sabanbai-araga-on-zyl-salyp-olimpiadanyn-kola-zuldegeri-atandy/

pixel