Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC 17 жастағы мексикалық спортшымен келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Мексикалық спортшы
Он жеті жастағы аралас жекпе жек шебері. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Жеңіл салмақта өнер көрсететін 17 жастағы мексикалық аралас жекпе жек шебері кіші Рауль Росас UFC-мен (Ultimate Fighting Championship) келісімшартқа отырды, деп хабарлайды MMAJunkie.

Рауль өткен жылдың қараша айында аралас жекпе-жекте (ММА) дебют жасаған. Содан бері кіші Росас алты айқасқа шығып, барлығында жеңіске жетті. Басылым мәліметінше, олардың бесеуі мерзімінен бұрын аяқталған.

Contender Series 55 турнирінде 17 жастағы мексикалық отандасы Мандо Гутьерресті төрешілердің шешімімен ұтты.

Раульдің бұл жекпе-жегі UFC президенті Дана Уайтты таңқалдырған.

"Қандай айқас?Техникалық тұрғыдан өте жақсы жекпе-жек. Екі спортшы да барын салып төбелесті. 17 жастағы жігіттің өнері маған қатты әсер етті. Бұл кездесуді тамашалаған соң ол UFC-де өнер көрсетуге дайын деген қорытындыға келдім. Бұл жігіт ерекше", - деді Уайт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1988954-ufc-17-zastagy-meksikalyq-sportsymen-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel