Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өнер көрсететін топта сенсация орын алды

Опубликовано:

Футбол
Жеңісті тойлап жатқан команда. Фото: sports.kz

Кеше түнде Ұлттар лигасының 5-турының матчтары өтті. Әзірбайжан құрамасы Словакияны жеңіп, C лигасының үшінші тобында сенсация тіркеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Матч Трнава қаласында өтті.

44-минутта Ренат Дадашов Әзірбайжан құрамасын алға шығарды, 90+3 минутта Эрик Йирка он бір метрлік айып добынан есепті теңестірді.

Матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда, яғни 90+5 минутта Ходжат Хагверди гол соғып, Әзірбайжанға жеңіс сыйлады. Матч 1:2 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, С лигасының үшінші тобында Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Кеше, 22 қыркүйекте ұлттық құрама Беларусьті (2:1) жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орынға қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

5 турдан кейінгі топтағы жағдай:

Қазақстан - 13 ұпай,

Әзірбайжан - 7 ұпай,

Словакия - 6 ұпай,

Беларусь - 2 ұпай.

Соңғы турда Әзірбайжан-Қазақстан, Беларусь-Словакия құрамалары кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1989220-ulttar-ligasy-qazaqstan-quramasy-oner-korsetetin-topta-sensaciya-oryn-aldy/

pixel