Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының белбеуді қашан қорғайтыны белгілі болды, деп жазады Sports.kz басылымы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

"Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы мен ағылшындық Дензел Бентли 12 қарашада Лас-Вегаста өтетін ESPN+ негізгі шарасында жұдырықтасуға келісті.

Бентли WBO тұжырымы бойынша 160 фунт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануға үміткерлер арасында 14-орында тұр. Ал Әлімханұлына 21 мамырда Лас-Вегастағы Resorts World аренасында өткен жекпе-жектің екінші раундында ағылшын былғары қолғап шебері Дэнни Дигнумды жеңгенде алған WBO белбеуін қорғауға міндетті емес.

Әлімханұлы 12 қарашадағы бокс кешінде Оскар Вальдесті Top Rank-тің хэдлайнері ретінде алмастырды. Бұрынғы жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы мексикалық Вальдес жарақатына байланысты қаңтар айына дейін шаршы алаңға шыға алмайтын болды", - деді шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1989243-baq-zanibek-alimxanulynyn-kelesi-zekpe-zeginin-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel