"Өтемұратов шақырған": Әйгілі Новак Джокович Астанадағы беделді турнирге қатысатын болды

Опубликовано:

Новак Джокович жарыстан соң
Новак Джокович. Фото: championat.ru

"Үлкен дулыға" турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович 1-9 қазан аралығында Астанад өтетін ATP 500 жарысына қатысады. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады, содан кейін елордаға келеді. Спортшы тікелей Болат Өтемұратовтың шақыртуымен келе жатыр.

Сонымен қатар Astana Open додасында "Үлкен дулыға" турнирінің әр жылғы чемпиондары: Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді.

Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) бар.

Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1989393-otemuratov-saqyrgan-aigili-novak-dzokovic-astanadagy-bedeldi-turnirge-qatysatyn-boldy/