Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында жұлдызы жанған Азамат Дәулетбековтің кішкентай қызы өмірге келді

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанған сәт
Азамат Дәулетбеков. Фото: instagram/azamat_dauletbekov

Белградта өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген Азамат Дәулетбековтің отбасы тағы бір адаммен толықты. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір, қызды болдым", - деп жазды Азамат Instagram желісіндегі парақшасына.

Бұл Азамат пен жұбайы Ұлпанның екінші перзенті. Олардың бұған дейін туылған бір ұлы бар.

Айта кетелік, Азамат Дәулетбеков қыркүйектің басында өткен әлем чемпионатында еркін күрестен қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, сәуір айында Моңғолияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды.

Енді Азамат Дәулетбеков Бакуде өтетін әлем кубогінде белдесетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990086-alem-cempionatynda-zuldyzy-zangan-azamat-dauletbekovtin-kiskentai-qyzy-omirge-keldi/

pixel