Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттар лигасында жоғарғы нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасының қанша табыс тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Рамазан Оразов
Рамазан Оразов жасыл алаңда. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетіп, тобында бірінші орынға ие болды. Осы орайда ұлттық команданың жоғарғы нәтиже үшін қанша табыс тапқаны анықталып отыр, деп жазады Sports.kz.

Басылым ұсынған ақпаратұа сәйкес, Ұлттар лигасына қатысқаны үшін Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионының басқа командалары секілді 1,125 млн еуро кепілдік берілген төлемді алған. Бұл қаржының қорытынды нәтижеге байланысты емес екені анықталды.

Топтың жеңімпазы бола отырып, Қазақстан құрамасы бұл соманы екі есеге ұлғайтып, нәтижесінде 2,25 миллион еуро табыс тапты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан құрамасының Қазақстанда 3:0 есебімен ұтқанын хабарлаған болатынбыз.

Бұған қарамастан ұлттық команда С лигасының үшінші тобында 13 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990325-ulttar-ligasynda-zogargy-natize-korsetken-qazaqstan-quramasynyn-qansa-tabys-tapqany-belgili-boldy/

pixel