Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының екінші капитаны "Астананың" негізгі құрамына қосылды (фото)

Опубликовано:

Футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының екінші капитаны Исламбек Қуат "Астана" футбол клубының негізгі құрамына оралды. Бұл ақпаратты елордалық клубтың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Исламбек Қуат "Астананың" негізгі командасының жаттығуына оралды", - делінген хабарламада.

"Астана" футбол клубы 29 жастағы жартылай қорғаушыға қатысты басқа ақпарат ұсынған жоқ.

Бұған дейін елордалық ұжым Исламбек Қуаттың тәртіп бұзғаны үшін жастар құрамасына ауыстырылғанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Исламбек Қуат Қазақстан құрамасының екінші капитаны. Ол "Ақтөбе", "Оқжетпес", "Қайрат" клубтарында доп тепкен.

Сонымен қатар жартылай қорғаушы Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Оренбург" және "Химки" ұжымдарында ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990326-qazaqstan-quramasynyn-ekinsi-kapitany-astananyn-negizgi-quramyna-qosyldy-foto/

pixel