Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таеквондодан танымал қазақстандық бапкер өмірден өтті

Опубликовано:

Таеквондо, қара белбеу
Көрнекі сурет: wikifight.ru

Таеквондодан Қазақстанға танымал бапкерлердің бірі - Рүстем Халдарбеков өмірден озды. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстанның танымал бапкерлерінің бірі Халдарбеков Рүстем Манапұлы дүниеден өтті.

Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы өмірден озған Рүстем Манапұлының туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Топырағы торқа, жаны жәннатта болсын деп тілейміз", - делінген хабарламада.

Рүстем Манапұлы – таеквондоны Түркістан қаласына алғаш әкелген маман. Азия ойындарының, Азия чемпионатының жүлдегерлерін даярлаған. Оның артында екі ұл, бір қыз және 5 немересі қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990470-taekvondodan-tanymal-qazaqstandyq-bapker-omirden-otti/

pixel