Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Тимофей Скатов Лиссабон турнирінің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Теннисист Тимофей Скатов
Тимофей Скатов. Фото: Mark Kolbe/Getty Images

Әлемнің 233-ракеткасы қазақстандыұ Тимофей Скатов Лиссабон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Отандасымыз ширек финалда әлемнің 165-ракеткасы, франциялық Бенуа Пэрмен кездесті.

Айта кетейік, Бенуа Пэр - ATP жарыстарында төрт рет чемпион атанып, рейтингте 65-орынға дейін көтерілген спортшы.

Соған қарамастан, Тимофей Скатов қарсыласынан 6:4, 2:6, 7:5 есебімен басым түсті.

Матч екі сағаттан асатын уақытқа созылды. Кездесуде отандасымыз 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Ал оның қарсыласы 15 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 137-ракеткасы, италиялық Марко Чеккинатомен ойнайды. Ол әлемнің 129-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернерді жарыс жолынан ш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990565-tennissi-timofei-skatov-lissabon-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel