Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қанат Қасымхан Қазақстан қоржынына медаль салды

Опубликовано:

Қанат Қасымхан
Қанат Қасымхан. Фото: ulttyqatsport.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, аталған сайыста әлемнің 32 елінен келген 135 спортшы бақ сынаған.

Ерлер арасында үздік 16 мергеннің қатарына Қанат Қасымхан, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев қосылғаны белгілі болды.

Олардың арасынан Қанат Қасымхан ақтық мәреге шығып, түркиялық Оғыз Оқшымен күш сынасты.

Финалда отандасымыз қарсыласынан 2 ұпайға ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл - қазақстандық спортшылардың дәстүрлі садақ атудан халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990568-duniezuzilik-kospendiler-oiyndary-qanat-qasymxan-qazaqstan-qorzynyna-medal-saldy/