Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana Open турнирі: Михаил Кукушкин әлемнің алтыншы ракеткасына қарсы шығады

Опубликовано:

Даниил Медведев турнирдің жеребе тарту рәсімінде
Даниил Медведев. Фото: ktf.kz

Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің жеребесі тартылып, бірінші кезеңде ойнайтын қарсыластар анықталды. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспурмен кездеседі.

Михаил Кукушкин әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен ойнайды.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 21 жастағы Бейбіт Жукаев әлемнің 35-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен кортқа шығады.

Әлемнің бірінші ракеткасы, US Open-2022 турнирінің чемпионы, испаниялық Карлос Алькарас рейтингте 31-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен сынға түседі.

Жарыстың екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Альберт Рамос Виноласқа қарсылас атанды.

Додаға сондай-ақ "Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович (жарыстың 4-ракеткасы), ресейлік Андрей Рублев (5), италиялық Янник Синнер (6), поляк Хуберт Хуркач (7), канадалық Феликс Оже-Альяссим (8) және басқалар қатысады.

"Турнирге қатысушылардың құрамы өте мықты. "Мастерс" және "Үлкен дулыға" жарыстарынан кем түспейді. Сондықтан матчтар өте тартысты өтетін болады. Өз шеберлігімді көрсету үшін бар күшімді саламын", - деді Даниил Медведев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1990682-astana-open-turniri-mixail-kukuskin-alemnin-altynsy-raketkasyna-qarsy-sygady/

pixel