Көшпенділер ойынында қазақстандық балуандар қазақ күресінен 6 медаль алды

Опубликовано:

Балуан
Видеодан кадр: instagram.com/ulttyqatsport.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық балуандар қазақ күресінен 6 медальға қол жеткізді. Оның екеуі "алтын", деп хабарлайды ҚазАқпарат

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ күресінен Марат Нығматуллаев чемпион атанғанын жазған едік.

60 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан финалда моңғол балуанынан айласын асырды.

Одан кейін Зарина Сарипова (65 келі) ел қоржынына тағы бір алтын салды.

Ал Еламан Қойшыбаев (80 келі) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Биыл "Қазақстан барысы" атанған Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары) пен Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) болса қола жүлдені қанағат тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1990687-kospendiler-oiynynda-qazaqstandyq-baluandar-qazaq-kuresinen-6-medal-aldy/