Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Манчестер дербиі: Сити өз алаңында Юнайтедті ойсырата жеңді (видео)

Опубликовано:

Футбол
"Манчестер ситидің" стадионы. Көрнекі фото: pixabay.com

Футболдан Англия біріншілігінің тоғызыншы турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тартысты өткен матчта тоғыз гол соғылды. Есеп 6:3.

"Манчестер Сити" сапынан Эрлинг Холанд пен Фил Фоден хэт-трик жасаса, "Манчестер Юнайтед" сапынан Марсьяль дубль авторы атанып, Антони бір гол ұрды.

Осылайша, Пеп Гвардиоланың шәкірттері турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. "Манчестер Ситиден" бір ұпай көп жинаған лондондық "Арсенал" болса, топты бастап тұр.

Ал "Манчестер Юнайтед" қазіргі уақытта алтыншы орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990688-aigili-mancester-derbii-siti-oz-alanynda-yunaitedti-oisyrata-zendi-video/

pixel