Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" Испания біріншілігінде көш бастады (фото)

Опубликовано:

Гави, Барселона
Гави, Барселона. Фото: OSCAR DEL POZO/AFP via Getty Images

Кеше, 2 қазанда футболдан Испания біріншілігінің 7-турының матчтары өтті. Көш басында келе жатқан мадридтік "Реал" "Осасунамен" тең ойнап, ұпай жоғалтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сантьяго бернабеу" стадионында өткен матчта 1:1 есебі тіркелді. 42-минутта мадридтік "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор есеп ашса, араға сегіз минут салып "Осасуна" сұрмергені Кике Гарсия таразы басын теңестірді.

76-минутта Кәрім Бенземада корольдік ұжымға жеңіс сыйлайтын мүмкіндік болған. Алайда франциялық шабуылшы он бір метрлік айып добынан мүлт кетті.

Осылайша, мадридтік "Реал" ұпай маңызды үш ұпайды жоғалтып, турнирлік кестеде екінші орынға сырғыды.

Қазіргі уақытта көш басында "Барселона" тұр. Каталониялық ұжым сырт алаңда "Мальорканы" жеңді.

Айта кетейік, "Барселона" мен "Реал" жеті матчта он тоғыз ұпай жинаған. Алайда доп айырмашылығы бойынша Хави шәкірттері алдыда тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1990723-barselona-ispaniya-birinsiliginde-kos-bastady-foto/

pixel