Қазақстандық боксшы титулдық жекпе-жегіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Көп боксшы жан-жаққа қашқан уақытта, шақыруды қабылдағаны үшін Дензель Бентлиге алғысымды білдіремін. Лас-Вегастағы The Palms-та әлем чемпионы титулын қорғау мен үшін үлкен мәртебе және төрткүл дүниеге Qazaq style-дің не екенін тағы бір рет көрсететін боламын", - деген Жәнібек Әлімханұлының сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасы келтірді.
Сонымен қатар Жәнібек Әлімханұлы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында титулдық жекпе-жекке қатысты жазба қалдырды.
"Вегаста көріскенше! Көзілдірік тағып келіңіз, өйткені рингте жарқырайтын боламын. Qazaq Style", - деді ол.
Айта кетейік, былғары қолғап шеберлерінің арасындағы кездесу 12 қарашаға жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1990971-ulken-martebe-zanibek-alimxanuly-tituldyq-zekpe-zegine-bailanysty-malimdeme-zasady/