Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кукушкин Астана төрінде әлемнің алтыншы ракеткасынан ұтылып қалды

Опубликовано:

Михаил Кукушкин
Михаил Кукушкин: Андрей Ударцев/ktf.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин (әлемнің 221-ракеткасы) Астанада өткен АТР 500 сериялы турнирдің келесі айналымына өте алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші раундта Михаил әлемнің алтыншы ракеткасы грекиялық Стефанос Циципастан ұтылып қалды. Матч екі сетке созылып, 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Кортта теннисшілер бір жарым сағатқа жуық уақыт өткізді. Осы уақыт аралығында Кукушкин екі эйс жасап, бірде-бір қателік жіберген жоқ. Осыған қарамастан отандасымыз қарсыласынан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, турнирдің екінші айналымында грекиялық спортшы Александр Шевченко (Ресей) - Люка Нарди (Италия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991006-kukuskin-astana-torinde-alemnin-altynsy-raketkasynan-utylyp-qaldy/

pixel