Чемпиондар лигасы: "Бавария"-"Виктория" матчында қазақ жігіті төрелік етеді

Опубликовано:

Саят Қарабаев
Саят Қарабаев жасыл алаңда. Фото: "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

Елордалық Саят Қарабаев бастаған қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы "Бавария" (Мюнхен, Германия») және "Виктория" (Пльзень, Чехия) матчына төрелік етеді, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Ойын бүгін, 4 қазан күні Мюнхенде өтеді.

Саят Қарабаевқа қос қапталдан отандастары Евгений Бельский (Тараз) мен Самат Тергеусізов (Алматы) көмектеседі.

Еске сала кетейік, Бүгін, 4 қазанда UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтеді.

А тобы:

"Ливерпуль" (Англия) - "Глазго Рейнджерс" (Шотландия),

"Аякс" (Нидерланды) - "Наполи" (Италия).

В тобы:

"Порту" (Португалия) - "Байер" (Германия),

"Брюгге" (Бельгия) - "Атлетико Мадрид" (Испания).

С тобы:

"Бавария" (Германия) - "Виктория Пльзень" (Чехия),

"Интер" (Италия) - "Барселона" (Испания).

D тобы:

"Марсель" (Франция) - "Спортинг Лиссабон" (Португалия),

"Айнтрахт" (Германия) - "Тоттенхэм Хотспурс" (Англия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1991044-cempiondar-ligasy-bavariya-viktoriya-matcynda-qazaq-zigiti-torelik-etedi/