Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан әлем чемпионаты: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

дзюдо
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 7 қазанда дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екі қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 66 келіде ел намысын қорғайтын Ғұсман Қырғызбаев бүгін татамиге шығады. Ал әйелдер арасында 52 келіде Гауһар Ирмағамбетова өнер көрсетеді.

Іріктеу кезеңі 11:30-да басталып, Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

Кеше, 6 қазанда Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова ел қоржынына қола медаль салды. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991580-dzyudodan-alem-cempionaty-bugin-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel