Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің жартылай финалында ұтылып қалды

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің финалына өте алмады. Ол беделді бәсекенің жартылай финалында жеңілді, деп хабарлайды федерацияның ресми сайты.

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, бірінші партияны сенімді ұтты – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Крейчикованың жолы болды – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда чехиялық спортшы таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.

Осы жарыста қазақстандық Анна Данилина да жұптық сында финалға шыға алмады. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда поляк теннисшісі Алисия Росольска – жаңазеландиялық Эрин Рутлифке жол берді – 4:6, 2:6.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1991798-maqtauly-elena-rybakina-cexiyadagy-turnirdin-zartylai-finalynda-utylyp-qaldy/

pixel