Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 жыл күткен матч": Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездесетін болды

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан құрамасы матч алдында
Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Матч 2022 жылдың 16 қарашасы күні Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өтеді.

"Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда сапалы футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін", – деп пікір қалдырды Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Бұған дейін екі елдің құрамалары алты рет кездесіп, Өзбекстан екі рет, Қазақстан бір рет жеңіске жеткен болатын. Үш ойын тең аяқталды.

Айта кетелік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары соңғы рет 2007 жылы Алматының Орталық стадионында кездесіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

ФИФА рейтингінде Өзбекстан құрамасы 77-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992001-15-zyl-kutken-matc-futboldan-qazaqstan-men-ozbekstan-quramalary-kezdesetin-boldy/

pixel