Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан әлем чемпионаты: Нұрлыхан Шархан Әзербайжан спортшысынан жеңілді

Опубликовано:

Нұрлыхан Шархан
Нұрлыхан Шархан. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрлыхан Шархан келесі кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасында 100 келі салмақта сынға түскен Нұрлыхан Шархан байрақты бәсекенің 1/8 финалында Әзербайжан дзюдошысы Зелим Коцоевке есе жіберді.

Айта кетейік, Дзюдодан әлем чемпионаты 6-13 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді.

6 қазанда Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова ел қоржынына қола медаль салды. Елдос кіші финалда өзбекстандық балуан Ділшодбек Баратовты ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1992123-zanalyq/

pixel