Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бокс күтіп шаршағандарға жаңалық болайын деп тұр": Жанқош Тұраров жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Жанқош Тұраров Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бокс күтіп шаршағандарға бір жақсы жаңалық болайын деп тұр", - деп сөзін бастады боксшы.

Осы орайда былғары қолғап шебері намыс туралы сөз қозғады.

"Ел намысы – ер намысы" деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар - намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" дегені. Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет", - деді Жанқош Тұраров.

Сөз соңында боксшы ел үмітін абыроймен ақтауға сөз берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1992190-boks-kutip-sarsagandarga-zanalyq-bolaiyn-dep-tur-zanqos-turarov-zankuierlerine-undeu-zasady/

pixel