Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Маккаби"-"Ювентус" матчында күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Адриен Рабье, Ювентус
Адриен Рабье, Ювентус. Фото: Pier Marco Tacca/Getty Images

Чемпиондар лигасының төртінші турында "Ювентус" сырт алаңда "Маккабиден" жеңіліп қалды. Есеп 0:2, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч "Самми Офер" стадионында өтті.

Кездесудегі екі голды "Маккаби Хайфа" жартылай қорғаушысы Ацили алғашқы таймда соқты.

Ойынның екінші жартысында "Ювентус" есепті теңестіруді тырысқанымен, Израиль клубы гол соғатын мүмкіндік берген жоқ.

Айта кетейік, туриндік ұжым Чемпиондар лигасының төрт турында небәрі үш ұпайға ие болып отыр. "Ювентус" үш матчта қарсыластарына есе жіберіп, бір ойында жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992205-cempiondar-ligasy-makkabi-yuventus-matcynda-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel