Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Ливерпуль" сырт алаңда жауапсыз жеті гол соқты (видео)

Опубликовано:

Ливерпуль
"Ливерпуль" футбол клубының ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Joe Prior/Visionhaus via Getty Images

Чемпиондар лигасының төртінші турында "Ливерпуль" сырт алаңда шотландиялық "Рейнджерсті" ойсырата ұтты. Есеп 1:7, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Айброкс" стадионында өткен матчта "Ливерпуль" сапынан Мохаммед Салах хэт-трик, Роберто Фирмино дубль авторы атанса, Нуньес пен Эллиот бір голдан соқты.

Ал "Рейнджерс" клубынан жалғыз допты Арфилд ұрды.

Осылайша, "Рейнджерс" - "Ливерпуль" арасындағы матч 1:7 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, төрт турдан кейін А тобында он екі ұпаймен "Наполи" көш бастап тұр. Тоғыз ұпай жинаған "Ливерпуль" екінші орынға жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1992498-cempiondar-ligasy-liverpul-syrt-alanda-zauapsyz-zeti-gol-soqty-video/

pixel