Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық қыз жеңіл атлетикадан Кувейттегі Азия чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Сабрина Арзиева Кувейттегі Азия чемпионатында
Сабрина Арзиева. Фото: instagram/qazathletics

Жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанға алғашқы алтынды Сабрина Арзиева сыйлады. Ол спорттық жаяу жүрістен 5000 метрге жарысудан Азияның алтынын жеңіп алды.

Сабрина 27:35.44 нәтижесін тіркеген. Бұл спортшының құрлықтық жарыстардағы алғашқы ірі жүлдесі.

Айта кетелік, жеңіл атлетикадан Азия біріншілігі Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатын. Аталған сынға Қазақстан атынан 27 спортшы қатысуда.

Құрлық додасында жалпы есебі 33 мемлекеттен 400-ден аса жеңіл атлет бақ сынап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1992567-qazaqstandyq-qyz-zenil-atletikadan-kuveittegi-aziya-cempionatynda-top-zardy/

pixel