Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты аяқталды: Жалпыкомандалық есепте Қазақстан нешінші орында

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Ташкентте өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жалпыкомандалық есепте Жапония көш бастады. Күншығыс елінің дзюдошылары Өзбекстан жерінде 12 медальға ие болды. Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс және үшеуі қола.

Екінші орынды Бразилия қанағат тұтты. Оңтүстік Америка құрлығынан келген спортшылар екі алтын, бір күміс, бір қола жеңіп алды. Ал үздік үштікті екі алтыны бар Өзбекстан құрамасы қорытындылады.

Қазақстан құрамасы турнирде екі "қолаға" қол жеткізді.

Елдос Сметов 60 келіге дейін салмақта, Әбиба Абужақынова 48 келіге дейін салмақта үшінші орынға ие болды.

Осылайша, медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы дәл сондай көрсеткіші бар Оңтүстік Корея, Нидерланды, Әзербайжанмен бірге 15-18 орындарды өзара бөлісті.

Айта кетейік, әлем чемпионатына ел намысын 17 спортшы қорғады. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1992717-alem-cempionaty-ayaqtaldy-zalpykomandalyq-esepte-qazaqstan-nesinsi-orynda/

pixel