Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карим Бензема "Алтын допты" жеңіп алды (видео, фото)

Опубликовано:

Карим Бензема
Карим Бензема. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Футболдан 2022 жылғы "Алтын допты" Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"France Football" журналының ұйымдастыруымен өткен марапттау рәсімінде Карим Бенземаға футболдағы ең бағалы жүлде табысталды.

"Алтын доп" үшін таласта Сенегал құрамасы мен "Баварияның" шабуылшысы Садьо Мане екінші орыннан көрінді. Ал Бельгия құрамасы мен "Манчестер ситидің" көшбасшысы Кевин де Брюне үздік үштікті қорытындылады.

Бельгия құрамасы мен "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа Лев Яшин атындағы "Үздік қақпашы" титулын жеңіп алды.

Әйелдер арасында "Алтын доп" "Барселона" ойыншысы Алексия Путельяске бұйырды.

Ал 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшы атағына Испания құрамасы мен "Барселона" клубының жартылай қорғаушысы Гави лайықты деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993082-karim-benzema-altyn-dopty-zenip-aldy-video-foto/

pixel