Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рейтинг жаңарды: Қазақстандық теннисшілер қай орында тұр

Опубликовано:

Теннис
Фото: pixabay.com

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең жақсы ойыншылар рейтингінің жаңартылған нұсқаларын жариялады, деп жазады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 38-ші орынға жайғасып, бес позицияға көтерілді.

Тимофей Скатов, керісінше, 158-ге түсіп, алты орынды жоғалтып отыр.

Михаил Кукушкин-234-ші орында  (10 позицияға артқа шегінді), Денис Евсеев - 278-ші, Дмитрий Попко - 315-ші  (13 позицияға артқа шегінді), Бейбіт Жукаев - 332-ші (төрт позицияға көтерілді).

Жұптық ойында Андрей Голубев 54, Александр Недовесов 61-орында.

Әйелдер арасында Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасқан.

Юлия Путинцева қазір әлемдік рейтингте 55, Зарина Дияс – 499-орында.

Жұптық разрядтта Анна Данилина 19-орынға көтеріліп, жеке рекордын қайталады.

Жібек Құламбаева да 186-орынға көтеріліп, позициясын жақсартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1993233-reiting-zanardy-qazaqstandyq-tennissiler-qai-orynda-tur/

pixel