Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрамында ресейліктер көп": Қарағандылық клуб хоккейден Еуропадағы беделді турнирде ойнаудан бас тартты

Опубликовано:

"Сарыарқа" хоккей клубы ойын басталарда
"Сарыарқа" хоккей клубы. Фото: hc-saryarka.kz

Хоккейден қарағандылық "Сарыарқа" командасы Құрлықтық кубок бәсекесіне қатысудан бас тартты. Кейін мұның себебі де белгілі болды, деп хабарлайды Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құрлықтық кубоктің үшінші кезеңінде "Сарыарқа" Е тобына түсті. Аталған топтағы кездесулер 2022 жылдың 18-20 қарашасы аралығында Ұлыбританияның Кардифф қаласында өтеді. Ал осы аптаға екінші айналым матчтары жоспарланған.

Ресми мәлімет бойынша, "Сарыарқа" құрамында Ресейдің 10, Беларуьстің 1 азаматы ойнайды. Shaiba.kz жазуынша, бапкерлер құрамында да Беларусь азаматтары жұмыс істейді. Сол себепті, Ұлыбританияға виза рәсімдеу кезінде Ресей және Беларусь азаматтарына қиындық туындаған. Ал қарағандылық команда турнирде тек Қазақстан және Латвия хоккейшілерімен ойнай алмайды.

Айта кетелік, Құрлықтық кубок 1997 жылдан бері әлемдік федерация ұйымдастыруымен өтіп келеді. Мұнда еуропалық лига чемпиондары мен жүлдегерлері бақ сынайды.

Былтыр "Сарыарқа" Құрлықтық кубоктің финалында ұтылып, екінші орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1993392-qaragandylyq-klub-xokkeiden-europadagy-bedeldi-turnirde-oinaudan-bas-tartty/

pixel