Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Каспий" мен "Тобылдың" өз алаңындағы келесі матчтары көрерменсіз өтеді

Опубликовано:

Футболисты на поле
Фото: instagram.com/caspiy_fc

Футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін ақтаулық "Каспий" мен қостанайлық "Тобылдың" өз алаңындағы келесі матчтары көрерменсіз өтеді. Бұл ақпаратты Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен көрермендердің пиротехникалық құралдарды (файер) жүйелі түрде пайдаланып, орынсыз мінез-құлық көрсеткен үшін келесі өз алаңында ойынды көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынғанын хабарлайды.

Осылайша, XXV турдың "Каспий" - "Ақжайық" ойынына көрермендерге кіру тыйым салынады.

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен 2022 жылғы футболдан Қазақстан Республикасы OLIMPBET-Чемпионатының регламентін, бұдан бөлек қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету регламентін бұзғаны үшін, яғни стадион ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, алаңға қауіп төндірген бөгде адам шығып, ойынның ресми өкілдеріне физикалық түрде қауіп төндіргеніне байланысты өз алаңындағы келесі ойынды көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды.

2022 жылғы маусымның күнтізбесіне сәйкес "Тобыл" футбол клубында өз алаңындағы ойындар қалмағандықтан, бұл санкция келесі жылдың ҚФФ және ҚКФЛ аясында өтетін жарыстардың өз алаңындағы бірінші ойынына қолданылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993397-kaspii-men-tobyldyn-oz-alanyndagy-kelesi-matctary-korermensiz-otedi/

pixel