"Бензема гол соқты": Мадридтік "Реал" сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жетті (фото)

Опубликовано:

"Реал мадрид"
"Реал мадрид" жанкүйері. Фото: pexels.com

Түнде футболдан Испания біріншілігінің 10-тур ойындары өтті. Мардидтік "Реал" сырт алаңда "Эльчеден" басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мачтағы есеп он бірінші минутта ашылды. Гол авторы "Реалдың" жартылай қорғаушысы Вальверде.

Осыдан-кейін қос клуб алма-кезек шабуыл жасағанымен, алғашқы тайм 0:1-мен аяқталды.

Ойынның екінші жартысында корольдік ұжымның шабуылшысы Карим Бензема "Эльче" қақпасынан саңылау тапты. 2022 жылғы "Алтын доптың" иегері әріптесі Родриго берген пасты сәтті пайдаланды.

Матч аяқталуға бес минут қалғанда Асенсио кездесудің нүктесін қойды. Нәтижелі пастың авторы - Родриго.

Осылайша, "Эльче" мен "Реал" арасындағы ойын 0:3 есебімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1993491-benzema-gol-soqty-madridtik-real-syrt-alanda-iri-eseppen-zeniske-zetti-foto/