Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасыл алаңда жарқылдады": Қазақ футболының ардагері өмірден өтті (фото)

Опубликовано:

Сұлтан Әбенов
Сұлтан Әбенов. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

"Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында "Автомобилист" командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" құрамында ойнады. 

Кәсіби мансабын аяқтаған соң "Қайрат" клубын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары премьер-министрдің кеңесшісі, парламент мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Отандық футбол жанкүйерлерінің жадында Сұлтан Әбенов туралы естелік мәңгі сақталмақ", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1993617-zasyl-alanda-zarqyldady-qazaq-futbolynyn-ardageri-omirden-otti-foto/

pixel