Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Гранд-слэм турнирінде екі спортшымыз қола жүлдеге таласады

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова
Абиба Әбужақынова. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Абу-Даби қаласында дзюдодан Гранд-слэм турнирі басталды. Бірінші жарыс күнінде екі қазақстандық балуан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашқы жарыс күнінде ерлерден 60, 66 келіде, әйелдерден 48, 52 келіде жүлделер сарапқа салынуда.

60 келідегі Бауыржан Нарбаев пен Шерзод Давлатов жарысты ерте аяқтады. Сондай-ақ, 66 келідегі Ермек Амангелді мен 48 келідегі Ғалия Тынбаева, 52 келдегі Толғанай Әбеуовалар ұтылып қалды.

Қазақстан сапынан екі балуан қола медальға таласады. Олар - Есет Қуанов (66 келі) пен Абиба Әбужақынова (48 келі).

Есет Қуанов өз тобында Грузия, Египет, Германия, Испания дзюдошыларын жеңіп, жартылай финалда италиялық Элиос Манзидан ұтылды. Қола медаль үшін Есет алжирлік спортшыға қарсы шығады.

Абиба Әбужақынова кіші финалда италиялық Асунта Скуттомен белдеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1993826-dzyudodan-grand-slem-turnirinde-eki-sportsymyz-qola-zuldege-talasady/

pixel