Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Гранд-слэм турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Опубликовано:

Абылайхан Жұбаназар нидерландылық балуанмен белдесуде
Абылайхан Жұбаназар: ijf.org

Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Гранд-слэм турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге күреседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

81 келі салмақта бақ сынаған Абылайхан өз тобында Италия мен Сауд Арабиясының өкілін жеңді. Алайда, ширек финалда молдовалық Михаил Латицевке есе жіберді.

Жұбаныш белдесуінде Жұбаназар украиналық Сергей Кривчачты жеңіп кетті. Қола жүлде үшін өтетін белдесуде Абылайхан әзірбайжандық Зелим Цкаевқа қарсы шығады.

73 келіде екі балуанымыз сынға түсті. Өкінішке қарай, Данияр Шамшаев пен Аңсарбек Ғабдуллин ширек финалда ұтылып, кейін жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Шамшаев Испания балуанына есе жіберсе, Ғабдуллин молдовалық спортшыдан ұтылды.

Қола медаль үшін өтетін белдесу бүгінгі кешке жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1994003-qyzylordalyq-abylaixan-zubanazar-dzyudodan-grand-slem-turnirinin-qola-zuldesi-usin-kuresedi/

pixel