Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда Республика күніне орай қалалық емхана қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Опубликовано:

Турнир
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

2022 жылғы 22 қазанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт сарайында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай "Медицина мақсаты - дені сау ұлт" атты қалалық емханалардың медицина қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге 8 команда қатысып, 100-ге жуық адам қамтылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар SENIM денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының арнайы І, ІІ және ІІІ дәрежелі кубоктарымен (І орын 200 мың теңге, ІІ орын 150 мың теңге, ІІІ орын 70 мың теңге) және 4 үздік номинация бойынша 20 мың теңгелік ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Турнир
Фото: Тараз қаласының әкімдігі
  • І орын - №7 қалалық емхана командасы;
  • ІІ орын - №6 қалалық емхана командасы;
  • ІІІ орын - Almaz Medical Group командасы.

Үздік шабуылшы - Әбдіғапар Бекзат Ақылбекұлы;

Үздік тосқауыл қоюшы - Аяпбергенов Еркебұлан Темірханұлы;

Үздік қорғаушы - Абдуллаева Арай Таңатаровна;

Үздік доп байланыстырушы - Сайдулла Гүлдана Амангелдіқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994310-tarazda-respublika-kunine-orai-qalalyq-emxana-qyzmetkerleri-arasynda-voleiboldan-turnir-otti/

pixel