Атақты "Елім-ай" футбол клубының келесі маусымда қай лигада өнер көрсететіні белгілі болды

Опубликовано:

Футбол
Футболшы жарақат алды. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 26 қазанда Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында "Елімай" клубының келесі маусымда бірінші лигада өнер көрсететіні белгілі болды, деп жазады Қазақстанның футбол федерациясы.

Күн тәртібінде футбол клубтарын лицензиядан өткізу мәселелері, футбол инфрақұрылымдарының талаптарын күшейту, футбол клубтары үшін 2023 жылғы маусымның алғашқы тіркеу кезеңінің мерзімін бекіту және өзге де сұрақтар талқыланды.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Атқарушы комитет келесі шешімдерді қабылдады:

1. УЕФА ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесі бекіту;

2. УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу үшін әйелдер футбол клубтары арасында лицензиядан өткізу ережесін бекіту;

3. ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиядан өткізу ережесін бекіту;

4. Футбол инфрақұрылымдары бойынша ҚФФ регламентін бекіту, оның ішінде:

  • Премьер-лига ойындарына тіркелген стадиондардың футбол алаңдарында жерасты жылыту жүйесінің немесе жанкүйерлерге арналған орындары бар толық көлемді жабық манеждердің болуы жөнінде міндетті талап. 2023 жылдан бастап климаты салқын аймақтар үшін (Астана қаласы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары), 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап  – қалған аймақтар үшін;
  • 2024 жылдан бастап Премьер-лигаға қатысатын стадиондар үшін жанкүйерлерді электронды жүйе арқылы стадионға кіргізу (электронды турникеттер) мен Led-борттардың болуы жөнінде міндетті талап.

5. Ерлер және әйелдер командаларына 2023 жылғы маусымның алғашқы тіркеу кезеңінің мерзімін 30 қаңтар мен 23 сәуір аралығында бекіту;

6. Футбол клубтарын лицензиядан өткізу бойынша комиссиясының құрамын бекіту;

7. ҚФФ коллегиялық органы жөнінде ережені бекіту;

8. Әйелдер командалары арасында футболдан 2022 жылғы маусымның қорытындысын бекіту;

9. Футзалдан Премьер-лига командалары арасында дайындық топтарының ҚР Біріншілігін (U-13, U-15, U-17, 2022-2023 жылғы маусым) өткізу жөнінде ережені бекіту;

10. ҚФФ стипендиясын алу үшін қазақстандық футбол ардагерлерінің тізімін бекіту;

11. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының үндеуі бойынша "Елімай" футбол клубын 2023 жылғы Бірінші лига клубтары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау кезеңіне өткізуге рұқсат ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1994446-ataqty-elim-ai-futbol-klubynyn-kelesi-mausymda-qai-ligada-oner-korsetetini-belgili-boldy/