Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Түркістан облысында орналасқан ауылдың 28 спортшысы "алтын" жеңіп алды

Опубликовано:

қол күрес
Қол күрес. Фото: pexels.com

Қол күресінен Түркияда өткен әлем чемпионатында Түркістан облысы Шардара ауылының 28 спортшысы "алтын" алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркияның Анталия қаласында өткен әлем чемпионатында Шардара ауылының спортшылары қарсылас шақ келтірген жоқ.

54 елден қатысқан атлеттер арасынан 28 спортшымыз алтыннан алқа тақты.

Атап айтсақ, жас жеткіншектер арасында – 6, жасөспірімдер арасында – 11, жастар арасында – 3 және ересектер арасында 8 спортшы жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, соңғы жиырма жылда армрестлингтен аталған ауылдан 102 әлем чемпионы шығып отыр.

"Осы жеңісімізді еліміздің Республика күніне арнаймыз. Жаттықтырушымыз Арман Қарсыбаевқа және қолдау көрсетіп отырған барша жанкүйерлерге алғыс айтамыз", - дейді жаттықтырушы Ғани Малбасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1994449-armrestlingten-alem-cempionaty-turkistan-oblysynda-ornalasqan-auyldyn-28-sportsysy-altyn-zenip-aldy/

pixel