Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының екінші матчын да жеңіссіз аяқтады

Опубликовано:

Дәурен Тұрсағұлов
Дәурен Тұрсағұлов паркетте. Фото: instagram.com/afckairat

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуін испаниялық "Пальмаға" қарсы өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матчтағы есеп оныншы минутта ашылды. "Қайраттың" қорғаушысы Дуглас Жуниор өз қақпасына гол соғып алды.

Алғашқы таймның аяқталуына бір минут қалғанда алматылық клуб есепті теңестіріп кетті. Гол авторы - Дәурен Тұрсағұлов.

Екінші айналымда "Қайраттың" қақпашысы Игита "қызыл" қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұған қарамастан алматылық клуб ойынның 36-минутында алға шықты. Біржан Оразовтың пасын Шыңғыс Есенаманов голға айналдырды.

Кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда "Пальма" есепті теңестірді. Осылайша, "Қайрат" пен "Пальма" арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін бельгиялық "Андерлехтке" қарсы өткізіп, тең ойнаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994639-qairat-futzal-kluby-cempiondar-ligasynyn-ekinsi-matcyn-zenissiz-ayaqtady/

pixel