Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі екі жігіттің өлімі: Оқиғаға қатысты тың дерек пайда болды

Опубликовано:

төбелес
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды. Олардың алтауы көлікпен басқа өңірге қашып бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған.

Темір ауданынан Ақтөбеге қол күресінен жарысқа келген төрт жігіт ойын-сауық кешенінде күзетшілермен сөзге келіп төбелеседі.

Телеарна мәліметінше, он жігіт темірліктерге жабылған. Салдарынан 31 жастағы және 27 жастағы екі ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған.

Олардың денелерін екі көлікке тиеп өзен жағасына лақтырып кеткені белгілі болды.

Ақтөбеден қашып кеткен алты күзетші Ырғыз ауданы аумағында ұсталып, облыс орталығына жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

"Екі азаматты өлтірді деп күдікке іліккендердің бәрі анықталды. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген үш күдіктіні ұстаған. Облыс орталығынан 400 шақырым жердегі елдімекендердің бірінде тағы алты күдікті ұсталды. Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1994848-aqtobede-eki-zigittin-olimi-oqigaga-qatysty-tyn-derek-paida-boldy/

pixel