Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ күресінен Turan Barysy Азия Кубогы басталды (фото)

Опубликовано:

Балуандар
Турнирдің ашылу салтанаты. Фото: Qazaqstan Barysy қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз қызметі

Бүгін, 29 қазанда Түркістан қаласында Olympic center спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен Turan Barysy Азия Кубогы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Qazaqstan Barysy қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып жатыр.

Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.

Шараның салтанатты ашылуында Түркістан обылсының әкімі Дархан Сатыбалды мен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

"Түркістан – бүкіл түркүлердің текті төрі, киелі бесігі. Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің ішінде өзіндік орны бар ерекше спорттың түрі. Міне, бүгін қасиетті Түркістан қаласында ересектер арасындағы қазақ күресінен Turan Barysy Азия Кубогы басталғалы жатыр. Бұл іс-шаралардың барлығы бұқара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға өзіндік зор үлесін қосуда. Ересектер арасындағы қазақ күресінен Turan Barysy" Азия кубогының басталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын", - деді Дархан Сатыбалды.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан өтіп жатқан турнирдің маңызды екенін айта келе, министрлік әрдайым ұлттық спортты дамытуды қолдайтынын жеткізді.

"Түгел түркінің астанасы – Түркістан төрінде, ұлттық күрестен өтіп жатқан Turan Barysy Азия Кубогына қош келдіңіздер. Қазақ күресі түркі жұртына етене жақын өнер түрі. Байырғы бабаларымыз балуандықты нағыз жігіттің ерекше сипаты деп білген. Бүгін тұсауын кескелі отырған Turan Barysу болашақта спортсүйер қауымның қызығып тамшалайтын үлкен жобасына айналады деп сенемін", - деді Дәурен Абаев.

Турнир ашылуында жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші топта Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан құрамалары, екінші топта Қырғызстан, Түркия, Қазақстан құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Турнир Qazsport және TRT Avaz телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1994863-qazaq-kuresinen-turan-barysy-aziya-kubogy-bastaldy-foto/

pixel