Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

Опубликовано:

Сакен Бибосынов
Сакен Бибосынов. Фото: instagram.com/olympickz

Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Ерлер арасындағы жеребе:

1/8 айналым

48 кг. Санжар Ташкенбай – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

51 кг. Сәкен Бибосынов – Нуржигит Дуйшебаев (Кырғызстан)/Кумар Спарш (Үндістан)

57 кг. Серік Теміржанов – Абукузаил Турки (Кувейт)/Ихлас Гылычжанов (Түркменістан)

63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Шунсуке Китамото (Жапония)/Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)

67 кг. Дулат Бекбауов – Сапармурат Одаев (Түркменстан)

71 кг. Асланбек Шымбергенов – Пианар Маржон (Филиппин)

Ширек финал

54 кг. Махмұд Сабырхан – Чожан Фануват (Таиланд)/Ганболд Доржнямбуу (Моңғолия)

60 кг. Саматәлі Төлтаев – Мирзохид Имамназаров (Кырғызстан)/Шукур Овезов (Түркменстан)

75 кг. Нұрқанат Райыс – Сагын Сатыбалдыуулу (Кырғызстан)/Кан Чей Вей (Тайбэй)

80 кг. Нұрбек Оралбай – Анвар Насрединов (Камбоджа)/Жонгжохо Вирапон (Таиланд)

86 кг. Сағындық Тоғанбай – Навруз Джафоев (Тәжікстан)

92 кг. Айбек Оралбай – Навин Кумар (Үндістан)

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Вишах Моханнад/До Хьен Ким ( Оңтүстік Корея).

"Біздің жігіттер – әлем боксының көшбасшылары. Алғашқы айналымда-ақ 48 кг дейінгі салмақта ересектер арасына енді қосылған Санжар Ташкенбай дарынды өзбекстандық спортшымен жұдырықтасады. Не болса да, біз өз мәнерімізді жоғалтпай, барлық салмақта соңына дейін таласуымыз керек", - деді ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жеребе қорытындысын көргеннен кейін.

Әйелдер арасындағы жеребе нәтижесі:

1/8 айналым 

50 кг. Назым Қызайбай – Раксат Чутамат (Таиланд)

Ширек финал

48 кг. Алуа Балқыбекова – Йодвари Ципсатча (Таиланд)/Шин Пор Алти (Филиппин)

52 кг. Жазира Орақбаева – Чавон Ким (Оңтүстік Корея)

54 кг. Жайна Шекербекова – Хана Нарита (Жапония)

57 кг. Карина Ибрагимова - Им Аежи (Оңтүстік Корея)

60 кг. Римма Волосенко - Номин-Эрден Тугсжаргал (Моңғолия)

63 кг. Аида Әбікеева – Маи Кито (Жапония)

70 кг. Дариға Шәкімова – Пужа (Үндістан)

75 кг. Валентина Хальзова – Ловлина Боргоян (Үндістан)

Жартылай финал

66 кг. Мадина Нұршаева – Чой Хонгу (Оңтүстік Корея)

81 кг. Гүлсая Ержан – Ти Хонг Нгуен (Вьетнам)

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Альфия Тараннум Акрам (Үндістан).

"Жеребеге көңілім толады. Шынымды айтсам, мені Олимпиада бағдарламасына кіретін 66 кг дейінгі салмақта аз спортшы келгені таңғалдырады. Алдағы күндері Үндістан, Жапония, Тайпэй қыздары біз үшін негізгі қарылас болмақ. Сондай-ақ Өзбекстан да кейінгі жылдары қарқынына-қарқын қосып келе жатыр. Қалай болса да біз кел келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз",-дедә әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995121-bokstan-aziya-cempionatynyn-zerebesi-tartyldy/

pixel